«1000 шақырым артта»: Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Ордабасыға жетті

«1000 шақырым артта»: Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Ордабасыға жетті

«1000 шақырым артта»: Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Ордабасыға жетті
ашық дереккөзі
31 наурыз күні ұлт ұясы – Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев ел бірлігінің тұтқасы – Ордабасы ауданына табан тіреді деп хабарлады turkystan.kz. «Ұлытауға бардың ба?» деген атпен экспедицияға шыққан жиһанкез еліміздің барлық өңірін жаяу аралап, рекордтар кітабына енуді мақсат еткен. Жақында ол Түркістан қаласында болып, мақсатын түсіндірген. Бүгінге дейін 1000 шақырымды артқа тастаған ақсақалдың мақсаты – Қазақстанды жаяу аралап, Ұлытау ордасының шежірелі тарихынан сыр шерту. 72 жастағы Сәрсенбай Оспанұлының сөзіне сүйенсек, бұл сапарында ол қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан қолданбалы өнер түрлерін жинақтап, ЮНЕСКО-ға өткізуді көздеп отыр.