Маңғыстауда итбалықтар қырылып жатыр

Маңғыстауда итбалықтар қырылып жатыр

Маңғыстауда итбалықтар қырылып жатыр
ашық дереккөзі
Жергілікті тұрғын Каспий теңізінің жағалауында өліп жатқан итбалықтардың суретін жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, Қаражаңбас кен орнына қарама-қарсы жағалауда 50-ге жуық өлексе жатыр. Қаражаңбас кен орны Ақтаудан 230 шақырым қашықтықта Бұзаушы түбегінде орналасқан. Суреттердің авторы нақтылап өткендей, сүтқоректілер теңіз жағалауына жақын кеніштің сол жағында қырылып жатқан. Тұрғынның пайымдауынша, олардың қырылуына Каспийдің таяздығы себеп болған секілді. Маңғыстау облысының Балық инспекциясы басқармасы Бұзаушы жартылай түбегіне ведомство қызметкерлері жіберілгенін мәлімдеді.