Суперпрезиденттік кезде болған кемшіліктер жойылады

Суперпрезиденттік кезде болған кемшіліктер жойылады

Суперпрезиденттік кезде болған кемшіліктер жойылады
ашық дереккөзі
Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Қазбек Майгельдинов Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси реформалардың қай мақсатқа бағытталғанын айтты. Оның сөзінше, Мемлекет басшысының бастамалары суперпрезиденттік кезде болған олқылықтарды жоюға бағытталған деп хабарлады turkystan.kz.
«Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметтер мен квазимемлекеттік құрылымдарды басқаруға тыйым салудың мақсаты бар. Мәселен, алдағы уақытта Президент айтқан непотизмді жою және қандай да бір олигархаттың пайда болуының алдын алу мақсатында жүргізіліп отыр. Бұған дейін Президент бизнесмендермен кездескенде еліміздегі бар байлықтың қомақты үлесі 162 адамның ғана еншісінде екенін айтқан. Бұл еліміздегі қаржы ресурстарының, байлықтың тепе-тең үлестірілмегенін көрсетті. Мұның барлығы суперпрезиденттік кезде болған олқылықтарды жою мақсатында жүргізіліп жатыр», – деді Қазбек Майгельдинов.
Сонымен қатар, бұл өзгерістер бәсекеге қабілетті партиялық жүйенің қалыптасуына әсер етеді. Тағы оқи отырыңыз: Тоқаевтың туыстарының нақты қандай қызметтерді атқара алмайтыны белгілі болды