2 мыңнан астам ақтаулық жағалауда тасаттық намазын оқыды (ВИДЕО)

2 мыңнан астам ақтаулық жағалауда тасаттық намазын оқыды (ВИДЕО)

2 мыңнан астам ақтаулық жағалауда тасаттық намазын оқыды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтауда 15-шағынаудандағы амфитеатр жанындағы алаңда 2 мыңнан астам адам тасаттық намазын оқып, жаңбыр шақыру рәсімін өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шара Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы, облыстық «Бекет Ата» мешітінің бас имамы Әнуар Елжановтың қатысуымен өтті. Әнуар Елжановтың айтуынша, тасаттық рәсімін өткізуді жергілікті фермерлер мен жер иеленушілер сұраған.
«Мұхаммед пайғамбардың кезінде адамдар қаладан шығып, Алладан жаңбыр жіберуді сұрап, дұға еткен»,- дейді ол.
Сонымен қатар тұрғындар Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) шашын көруге мүмкіндік алды. Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына рәсімді өткізуге рұқсатты өңір басшысы берді.