Қаржы пирамидасының салымшылары Төребаевты қамаудан босатуды сұрады

Қаржы пирамидасының салымшылары Төребаевты қамаудан босатуды сұрады

Қаржы пирамидасының салымшылары Төребаевты қамаудан босатуды сұрады
ашық дереккөзі
Mudarabah Capital қаржы пирамидасының салымшылары баспасөз мәслихатын өткізіп, блогер Мейіржан Төребаевты қамаудан босатуды сұрады деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Қаржы пирамидасының салымшылары бастарына түскен қиыншылыққа блогерлерді емес, Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасарын кінәлады. Салымшылар істі Ішкі істер министрлігіне беруді сұрады. Өйткені бір жылға созылған тергеу істеріне көңілі толмайтындарын білдірді. Ал полицейлер істің аяқталу сатысында екенін айтты.
«Қылмыстық іс бойынша 160-тан астам адам зардап шегуші ретінде тіркелген. 14 күдікті ұсталған. 10 адам қамауға алынған. Екеуі халықаралық іздеуде, тағы екеуінің бас бостандығы шектелген», - делінген Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.
Бұл іске Төребаевтан бөлек, тағы бірнеше блогер күдікті ретінде танылып отыр. Олардың арасында Әзімжан Саидбаев пен Мейірхан Шерниязов та бар. Тергеушілердің айтуынша, олар да қаржылық пирамиданы басқарып, жарнамалаған. Тағы оқи отырыңыз: «Мойындату үшін қамауға алды»: Мейіржан Төребаев түрмеден хат жазды