«Ресей әскері үшін елеулі оқиға»: Путин жаңа баллистикалық зымыранды сынады

«Ресей әскері үшін елеулі оқиға»: Путин жаңа баллистикалық зымыранды сынады

«Ресей әскері үшін елеулі оқиға»: Путин жаңа баллистикалық зымыранды сынады
ашық дереккөзі
Ресей «Сармат» деп аталатын жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Шараны РФ Президенті Владимир Путиннің өзі бақылады. Осы елдің Қорғаныс министрлігінің айтуынша, жаңа зымыран алыс қашықтықтағы кез келген нысанды жоя алады. Оқиғаға байланысты АҚШ Қорғаныс министрлігі Ресей тарапы сынаққа қатысты алдын ала ескерткенін және шара ешқандай қауіп төндірмейтінін жеткізді.
«Бұл - Ресей әскері үшін елеулі оқиға. Жаңа кешен техникалық артықшылықтармен ерекшеленеді. Ол кез келген зымыранға қарсы жүйені айналып өте алады. Қазір әлемде бұған балама қару жоқ. Жуық арада пайда бола қоймас», - деді Ресей Президенті Владимир Путин.