«Қазақстан экономикасы қиын кезеңді бастан өткереді» – сарапшылар

«Қазақстан экономикасы қиын кезеңді бастан өткереді» – сарапшылар

«Қазақстан экономикасы қиын кезеңді бастан өткереді» – сарапшылар
ашық дереккөзі
«Сағадиев оқулары» атты халықаралық конференция барысында экономистер Қазақстан экономикасына болжам жасады. Сарапшылардың айтуынша, әлемдік геосаяси дағдарыс кесірінен ел экономикасы қиындыққа тап болады деп хабарлады turkystan.kz. Қазіргідей кезеңде еліміздің өзге елдермен сауда-саттық қатынастары қайта қаралып, жағдай дереу өзгеруі мүмкін. Сарапшылар ел экономикасына осындай болжам жасап отыр. Болонья университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Массимо Бианкидің пайымдауынша, қазіргі уақытта геосаяси жағдай қалай өрбитіні белгісіз. Бірақ, осы қалыпта жалғаса берсе, әлемде жағдай қиындайды. Сондықтан сарапшылар Қазақстанда бюджет тапшылығы байқалатынын айтты. Дағдарыстың алдын алу үшін нақты экономикалық салаға мән беріп, өндіріс орындарын көбейткен жөн деген пікірлер айтылды.
«Белгілі бір дәрежеде Ұлттық банк азаматтардың жалақысын көтеруге, төлем қабілетін жақсартуға эмиссия жасау керек деп ойлаймын. Бұл отандық өнімдердің тауар айналымына оң әсер етеді. Шағын және орта бизнесті дамытуға, ауыл шаруашылығына, өндіріске қаражат бөлініп жатқанын көріп жатырмыз. Бірақ, олар бюрократияға ұрынып, мәселелерді жедел шешуге кесірін тигізіп жатыр», – деді экономика ғылымдарының докторы Геннадий Гамарник.
Тағы оқи отырыңыз: Инвестиция тартуда сылбырлық танытқан министрліктер анықталды