Лисаков қаласында 56 жастағы әйелді өлтірген күдікті ұсталды

Лисаков қаласында 56 жастағы әйелді өлтірген күдікті ұсталды
Лисаков қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері әйелді өлтірген күдіктіні анықтады деп хабарлады turkystan.kz.
8 сәуірде 56 жастағы әйелдің денесін пәтерінен тауып алған еді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылды.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Б.Майлин ауданының тұрғынын ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.