51488
Көркем гимнастика: Қазақстан құрамасы әлем кубогінің кезеңіне қатысады
Көркем гимнастика: Қазақстан құрамасы әлем кубогінің кезеңіне қатысады

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы әлем кубогінің кезекті кезеңіне қатысады деп хабарлады turkystan.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
22-24 сәуір күндері Әзербайжан астанасы Бакуде көркем гимнастикадан әлем кубогінің кезеңі өтеді. Ол халықаралық бәсекеге Қазақстан құрамасы жеке және топтық жаттығу бойынша қатысады.
Атап айтқанда, Эльжана Таниева мен Баян Қайбақар жеке жаттығуда өнер көрсетсе, құрама қыздары топтық жаттығуда бақ сынайды.