790 мың теңге айлық алу үшін қай өңірде мұғалім болу керек?

790 мың теңге айлық алу үшін қай өңірде мұғалім болу керек?

790 мың теңге айлық алу үшін қай өңірде мұғалім болу керек?
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарына басқа өңірлерден баратын мұғалімдер екі есе жалақы алатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz informburo.kz порталына сілтеме жасап. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында айтылды. Сонымен бірге ол биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап үздік педагогтерді ынталандыруға арналған жаңа бағдарламаның басталатынын, оған 3,9 млрд теңге жұмсалатынын атап өтті.
«3,9 млрд теңге екі мәселені қамтиды. Оған мұғалімдердің екі есе жалақы алуы, тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық шығындарды төлеу кіреді. Біздің заңнамаға сәйкес, тұрғын үй жалдау мен коммуналдық төлемақыны тек жергілікті бюджеттен бере аламыз. Сондықтан бұл мәселені жергілікті бюджетке ауыртпалық түсірмей, заңнаманы бұзбау үшін жалақы арқылы шешіп отырмыз. Мәселен, Мұнайлы ауданына көшіп баратын мұғалім қыркүйек айында айлық алатын болса, онда оның айлығы 790 мың теңгеге жуық болады. Сол 790 мыңның 140 мыңға жуығы коммуналдық шығындарға жұмсалса, 650 мың теңгеге жуық ақшасы жалақысы болады», – деді Білім және ғылым министрі.
Тағы оқи отырыңыз: Мұғалімдер үшін жағымды жаңалық: Тоқаев Аймағамбетовке тапсырма берді