Грекия билігі Еуропалық Одақтың (ЕО) санкциялық саясаты аясында Ресей туымен мұнай тасымалдайтын танкерді ұстады деп хабарлады turkystan.kz. Грекияның Kathimerini басылымының хабарлауынша, Ресей туының астындағы Pegas танкері ауа-райының қолайсыздығынан Эубой аралына бет бұруға мәжбүр болған. Тиісті шешім ЕО мен НАТО-ның ресейлік кемелерге салған шектеулерін жүзеге асыру аясында қабылданған.
Жүктелуде...