БҚО-да ресейлік әскери көліктер жүр (ВИДЕО)

БҚО-да ресейлік әскери көліктер жүр (ВИДЕО)

БҚО-да ресейлік әскери көліктер жүр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Желіде Батыс Қазақстан облысында түсірілген видео тарады. Онда Ресей туымен жүрген әскери техника көрсетілген деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Видеодан ауылда Ресей туымен жүрген әскери техниканы көруге болады. Бөкей ордасы ауданының әкімдігі бұл видеоға қатысты түсінік берді.
«Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданында ресейлік әскерлердің көліктері жүргені туралы әлеуметтік желілерде тараған бейнетүсірілім бойынша келесіні хабарлаймыз: 18 сәуірде ресейлік әскери көліктер аудан аумағында орналасқан полигон аймағына бара жатқан кезде, Бөкей ордасы ауданының Темір Масин ауылдық округі, Бөрлі ауылындағы дүкенге соғып, азық-түлік алып, көп кідірмей, бірден жолын жалғастырды. Ресей әскерінің тарапынан қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер мен оқиғалар болған жоқ», - делінген хабарламада.