«Маған қарсы ұйымдастырылған шабуыл»: Атырау әкімі полицияға арыз түсірмекші

«Маған қарсы ұйымдастырылған шабуыл»: Атырау әкімі полицияға арыз түсірмекші

«Маған қарсы ұйымдастырылған шабуыл»: Атырау әкімі полицияға арыз түсірмекші
ашық дереккөзі
Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи өзіне қатысты жалған ақпарат таратқандардың үстінен полицияға арыз түсіретінін айтты. Бұл туралы шаһар басшысы Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметке келмей тұрып алған жер телімін біреулер қазіргі қызметімен байланыстырып, күйе жағып жатыр екен.
«Соңғы күндері менің атымды жариялап, әртүрлі ақпаратты таратып жатыр. Жарияланған материалдар шындыққа жанаспайды. Мен бұл туралы алғаш рет 2019 жылы хабарлама жасаған болатынмын. Индер ауданының әкімі қызметін атқарып жүргенде осы тектес ақпараттар республикалық электронды ақпарат құралдарына шыққаннан кейін өзімнің бастамаммен журналистерге хабарласып, барлық жайтқа қатысты түсіндірме (ratel.kz, azh.kz) бердім», - деді ол.
Енді ол өзінің мемлекеттік қызметші ретінде де құқығы қорғалғанын қалайды.
«10 жыл бұрын (2012 жылы) мемлекеттік қызметке келгенге дейін, мемлекет тарапынан берілген жер телімін қазіргі қызметіммен байланыстырып, заңсыз әрекеттер жасады деп мәлімделуде. Мен мемлекеттік қызметші ретінде де құқығымның қорғалғанын қалаймын. Сондықтан әдейі жалған ақпарат таратып жатқандардың үстінен (соның ішінде фейк аккаунттар) жақын арада Полиция департаментіне арыз түсіретін боламын» деп жазды әкім.
Мейірім Қалауи «бұл әдейі маған қарсы ұйымдастырылып отырған шабуыл» деп болжап отыр.