Түркістанда жалдамалы қойшы өзгенің 140 қойын сатып жіберген

Түркістанда жалдамалы қойшы өзгенің 140 қойын сатып жіберген

Түркістанда жалдамалы қойшы өзгенің 140 қойын сатып жіберген
ашық дереккөзі
50249
Қора толы қойларын жалдамалы қойшыға бақтырған мал иесі опық жеп қалды. Түркістан облысында жалдамалы қойшы өзіне сеніп тапсырылған 140 бас қойды танысына сатып жіберген деп хабарлады turkystan.kz. Қойлардың иесі Отырар аудандық полиция бөліміне қойларының жоғалғаны туралы арызданған. Ол жайылымда жүрген 750-ден астам қойын түгендеуге барғанда 140 бас малы жоқ болып шыққан. Осы оқиғаға қатысты тексеру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары бұл қылмысқа бақташының қатысы бар екенін анықтаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 7 миллион теңге болған.
«Белгілі болғандай, бақташы қойларды танысына әрқайсысын 35 мың теңгеге сатқан. Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланған малдарды тәркілеп алды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деп жазылған аудандық полиция бөлімі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары