«Рухани жаңғыру»: «Спанч Боб» балаларға қазақ тілінде көрсетіледі

«Рухани жаңғыру»: «Спанч Боб» балаларға қазақ тілінде көрсетіледі

«Рухани жаңғыру»: «Спанч Боб» балаларға қазақ тілінде көрсетіледі
ашық дереккөзі

Американдық Nickelodeon балалар арнасы «Спанч Боб Квадратные Штаны» мультхикаясының қазақ тілді нұсқасының көрсетілімін бастады деп хабарлады turkystan.kz «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.

Келісімшарт өткен жылы жасалған. Қазақстандықтар көптен күткен қуанышты оқиғаның куәгері болып, анимациялық телехикаяның үзінділерін әлеуметтік желілерде бөлісті.

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндірістік қызмет басшысының айтуынша, бүгінде отандық актерлер мен дикторлар 11 мультфильмнің аудармасын жасап жатыр. Олар:  «Чупи мен Дуду», «Робокар Поли», «Монстры», ертегілер, «Лиза мен Тема» және басқалар.

Сондай-ақ, кинокомпанияда «Спанч Бобтың» 265 сериясы аударылып, дыбысталғанын атап өтті.

Мультфильмнің аудармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және балалар контентін мемлекеттік тілде дамыту шеңберінде іске асырылды. Nickelodeon бағдарламалары 70 елде 22 тілде таратылады. Арнаның ең танымал кейіпкері - Спанч Боб. Бұл күлкілі теңіз губкасының басынан кешкен оқиғаларын бүкіл әлемдегі ересектер де, балалар да көреді.

Тағы оқи отырыңыз: «Не деген беспардонный?..»: Максим Рожин қазақ тілін кекеткендерге кіжінді