Алматыда 9 қабатты үйлердің бірінде өрт шықты

Алматыда 9 қабатты үйлердің бірінде өрт шықты

Алматыда 9 қабатты үйлердің бірінде өрт шықты
ашық дереккөзі
Алматыда 9 қабатты үйден өрт шығып, 65 адам қауіпсіз жерге көшірілді деп жазды turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 18 сәуір күні сағат 14:30-да 101 пультіне Алматы қаласының «Ақкент» шағынауданындағы 9 қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
«7-қабаттағы пәтердің лоджиясы өртенді. Өрттің 8-9-қабаттарға өту қаупі болды. Өрт сөндірушілер 7 адамды құтқарды. 65 адам эвакуацияланды. Өрт сағат 15:02-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, өрттің шығу себебі анықталуда.