Швеция жұрты Құранды өртеген саясаткерге қарсы бас көтерді

Швеция жұрты Құранды өртеген саясаткерге қарсы бас көтерді

Швеция жұрты Құранды өртеген саясаткерге қарсы бас көтерді
ашық дереккөзі
Швецияның бірнеше қаласында төрт күннен бері тәртіпсіздіктер жалғасып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Бұл тәртіпсіздіктер Данияның исламға қарсы Stram Kurs («Қатаң курс») партиясын басқаратын әсіреоңшыл саясаткер Расмус Палуданның «Құранды өртеп жібердім және тағы да осылай істеймін» деген сөзінен кейін басталған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, тәртіпсіздік салдарынан елдің шығысындағы Норчепинг қаласында үш адам жарақат алған. Ал полиция зорлық-зомбылықты тоқтату үшін ескерту оғын жаудырды. Тәртіпсіздіктер кезінде Стокгольм, Линчепинг және Норчепинг маңындағы қалаларда 16 полицей зардап шеккен. Бірнеше автокөлік өртеніп, оның ішінде полиция қызметкерлері және автобус жанып кеткен. Қазір оқиғаға қатысушы 25 адам ұсталған.