Бүгін Алматыда «Утильдік алымға жол жоқ. Бастапқы тіркеуді алып тастау» ұранымен митинг өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап. Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда белгіленген шараны белгілі қоғам белсенділері - Санжар Боқаев, Болат Әбілов, Нұржан Әлтаев, Алмасбек Садырбаевтар ұйымдастырған. Бұл шараны өткізуге қала әкімдігі рұқсат берген. Алайда Шевченко көшесі жабылған. Жиналғандарды полицейлер мен әкімдік қызметкерлері бақылап тұр.
Жүктелуде...