Астанада Жеңіс күніне орай отшашу бола ма?

Астанада Жеңіс күніне орай отшашу бола ма?

Астанада Жеңіс күніне орай отшашу бола ма?
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне орай отшашу болмайды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қалалық мәдениет басқармасының мәліметінше, отшашу жоспарланбаған», - деді әкімдіктегілер.
Қалалық әкімшіліктің мәліметінше, мамыр айындағы мерекелерде Астанада 40-тан астам іс-шара жоспарланған, оның ішінде 9 мамырда өтетін ірі іс-шаралар: - «Даңқ гирляндаларын» қою рәсімі; - Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою; - Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін «Майдан хаттары» концерт-спектаклі; - «Жастар» сарайының концерт залында өтетін "Соғыс жолдарымен" концерті; - Жеңіс күніне арналған цирк бағдарламасы. Сонымен қатар, 9 мамырда жалпы білім беретін мектеп оқушылары, ЖОО студенттері арасында жыл сайынғы дәстүрлі жеңілатлетикалық эстафета өтеді. Эстафета сағат 10:00-де Әлия Молдағұлова ескерткішінің жанында басталып, Жеңіс көшесінде аяқталады. Аталған іс-шаралар барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелер талаптарының сақталуын ескере отырып, офлайн-форматта өтеді. «Жаужүрек полкі» (Өшпес полк. – Ескерту) акциясы әлеуметтік желідегі «Жаужүрек полкі» бірыңғай ақпараттық платформасында онлайн режимінде өтеді деп жоспарланып отыр.