«Астана Раушан касса айналымы»: алаяқтарға тағы 2 мың адам алданған

«Астана Раушан касса айналымы»: алаяқтарға тағы 2 мың адам алданған

«Астана Раушан касса айналымы»: алаяқтарға тағы 2 мың адам алданған
ашық дереккөзі
«Астана Раушан касса айналымы» қаржы пирамидасы құрбандарының саны 2 мыңға дейін өсті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл мәліметті Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі берді.
«ҚМА астаналық департаменті Р.Ж. Ахымбекова мен К.Ж. Елеукеноваға қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады. Олар WhatsApp және Telegram арнасындағы «Астана Раушан касса айналымы» атты чаттарды пайдаланып, ақша алу үшін 2 мыңға жуық салымшыны алдаған», - делінген хабарламада.
Бұл іс бойынша тергеуді 2020 жылы сол кезде Қаржы министрлігінің құрамында болған Қаржы мониторингі комитеті бастаған болатын. 2020 жылғы 3 тамызда ҚМК 1 мыңға жуық адам «Астана Раушан касса айналамы» финпирамидасының құрбаны болғанын хабарлады. Енді олардың саны 2 мың адамға өскен. Тағы оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнер шетелге қашып кеткен