247
YouTube, Facebook, Twitter мен Microsoft бірікпек
YouTube, Facebook, Twitter мен Microsoft бірікпек
YouTube, Facebook, Twitter мен Microsoft экстремизммен күресу үшін бірігеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Аталмыш компаниялар экстремистік материалдар жөніндегі біртұтас деректер базасын жасауды қолға алды. Бұл жөнінде коропорациялардың біріккен мәлімдемесінде хабарланды.
Мәлімдеме мәтініне сүйенсек, деректер базасында төрт компанияның өкілдері өшірген экстремистік сарындағы бейнежазбалар мен графикалық файлдардың қайталанбайтын идентификациялық қолтаңбалары жайлы ақпараттар сақталатын болады. Мұндай ақпараттарды алмасу арқылы Facebook, Microsoft, Twitter пен YouTube интернеттегі террористік топтарды жедел бұғаттай алады.
Төрт компанияның әрқайсысы көрсетілген материалдардың экстремистік сипаты бар-жоғын өз көзқарастары мен жеке қағидалары бойынша анықтайды. Мәлімдемеде күмән туғызған деректер бірден өшірілмейтіні, әрбір жеке оқиға бойынша арнайы зерттеу жүргізілетіні нақтыланған. Сондай-ақ, компаниялар қолданушылардың жеке ақпараттары ашылмайды деп сендіріп отыр.