Дастарханды аяғымен басып, шай құйғандар жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Дастарханды аяғымен басып, шай құйғандар жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Дастарханды аяғымен басып, шай құйғандар жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Көпшілік ас ішіп отырғанда дастарханның бетін аяғымен басып жүрген екі жігіт видеоға түсіп қалды. Бейнежазба авторы «Мынаны қараңдар, мұсылман елінде дастарханның үстінен басып жүр. Ал саған, мұсылман керек болса...» деген. Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды деп хабарлады turkystan.kz.   Видеодан байқасаңыздар, ортаға ақ дастархан жайылып, тамақ қойылған. Оны қоршай кіл ер адамдар ас ішіп отыр. Сол сәтте үстіне белден төмен түсіп тұратын киім киген екі жігіт қолына шәйнек ұстап, отырғандарға шай құйған. Мұны көрген желі қолданушылары жағымсыз пікірді қарша боратты.
«Құдай сақтасын, не деген тәбет!?», «Бұндай екі аяқты малдардан төрт аяқты мал жақсы», «Бәріне ақылы жетіп, бұған ақыл жетпей қалыпты ғой, парасатсыз, ластар», «Алла сақтасын, не болып барады?», «Сақтай гөр! Дастарханның үстінен жүрмек түгілі, байқамай, басып кетсек, шошып қаламыз» десті олар.
Әзірге бұл жайттың нақты қайда болғаны белгісіз.