50381
Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы кім?
Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы кім?

Ресейдің атынан өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Дамир Исмағұловтың UFC-дегі кезекті қарсыласы кім екені белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz порталына сілтеме жасап.
Ол енді 2 жыл бойы октагонға шықпаған грузин спортшысы Гурам Кутателадзеге қарсы жұдырықтасады.
Еске сала кетсек, Дамир Исмағұлов бұған дейінгі жекпе-жегін 2021 жылы 22 мамырда Лас-Вегас қаласында (Невада, АҚШ) өткізіп, бразилиялық Рафаэль Алвесті ұтты.