Павлодар облыстық Спорт басқармасының басшылығы сын садағына ілікті

Павлодар облыстық Спорт басқармасының басшылығы сын садағына ілікті

Павлодар облыстық Спорт басқармасының басшылығы сын садағына ілікті
ашық дереккөзі
Екібастұз қаласында тұратын журналист Жаңаргүл Қадырова өңірдегі ұлттық спорттың дамуына жауапты азаматтарды сынға алды деп жазды turkystan.kz. Ол өзінің жазбасында Павлодар облыстық Спорт басқармасы басшылығының Наурыз мейрамын лайықты өткізе алмағанын өз аргументтерімен дәлелдеп берген.
«1) Екібастұзда Наурызда өткен «Түйе палуан» жүлдесі - 10 000 теңге болды - мұндай позор басқа еш жерде жоқ! (Жүлде қоры қарастырылмаған) 2) Облыстық көкпар қалай болса солай ұйымдастырылған. Бір күнде пәленбай команда ойнап, әбден шаршаған, түскі ас ішуге мүмкіндік болмаған; аттар титықтап, қалжыраған - екі күн қатарынан өткізілуі керек еді ғой мұндайда; 3) Облыстық Спорт басқармасынан жібі түзу адам жүрмеген. Тек марапаттауға келген. Яғни, грамоталар бәрі әбден жазылып біткеннен кейін келген маубас басшыны (басшы ма, әлде қоластындағы басқа біреу ме, оны ешкім білмейді!) шаршап, титықтаған халық 20 минуттай күтіп қалған! Маубас басшылар, халықты күттіруге қандай хақыларың бар? Халық - Құдайдың бір аты. Құдайдан асып кеттіңдер ме, сендер? Адам уақытын сыйлау қайда? Ұлттық спортты осылай дым білмейтін маубастар титықтатып, елге жексұрын етіп отыр. 1-орынға берген 150 мың теңге аттардың жемінен аспайды, оны түсінесіңдер ме? Аттарды апаратын көліктің соляркасын кім есептеп жатыр?» деп жазды Жаңаргүл Қадырова әлеуметтік желіде.