Сейітқазы Матаев рақымшылыққа ілінуі мүмкін

Сейітқазы Матаев рақымшылыққа ілінуі мүмкін

Сейітқазы Матаев рақымшылыққа ілінуі мүмкін
ашық дереккөзі
6 жылға сотталған Сейтқазы Матаев рақымшылыққа ілігіп, мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін, деп хабарлайды әкелі-балалы Матаевтардың адвокатына сілтеме жасаған "Астана" арнасы. Астана сотында атышулы іске қатысты апелляциялық шағымды қарау басталды. Сотқа Сейітқазы Матаев та, оның ұлы Әсет Матаев та келген жоқ. Адвокат Мадина Бакиеваның сөзінше, үлкен Матаев денсаулығына байланысты ем қабылдап жатыр. Қорғаушылардың сөзінше, өткен сот процестерінде айыптаушы жақтың куәгерлері ғана тыңдалған. Енді олар тағы да 200-ге жуық куәгерді қайта тыңдау қажет деп талап қоймақ. "Рақымшылыққа Сейітқазы Бейсенғазыұлы ілігуі мүмкін. Алайда тиісті заңды парламент қарап, әлі де өзгертулер болады. Сондықтан ол туралы айту ерте", - дейді Сейітқазы Матаевтың қорғаушысы Мадина Бакиева. Біршама үзілістен соң сот отырысы, түс ауа қайта жалғасты. Процесс барысында сот төрағасы қорғаушылардың өтініштерін ескерусіз қалдырды. Айта кетейік, әкелі балалы Матаевтар мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп, ақпанда тұтқындалған еді. Қазанның 3-де Сейітқазы Матаев тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл жаза арқалады. Және оның ұлы Әсет Матаев 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бұған келіспеген олар апелляциялық шағым жолдаған.