Жол картасы: Алматыда бір жылда 79 балабақша ашылды

Жол картасы: Алматыда бір жылда 79 балабақша ашылды

Жол картасы: Алматыда бір жылда 79 балабақша ашылды
ашық дереккөзі
Алматыда AMANAT партиясының қалалық филиалында былтырғы сайлауалды бағдарламаның қорытындысына арналған отырыс өтті деп хабарлады turkystan.kz. Жиында қала басшылығының Жол картасын іске асыру бойынша есебі тыңдалды. Фракция жұмысына қалалық филиалдың атқарушы хатшысы М. Отыншиев, Алматы қалалық мәслихатындағы фракция жетекшісі Л. Ибрагимова, депутаттық фракция мүшелері мен аудандық филиалдардың төрағалары - аудан әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Қалалық мәслихаттағы фракция жетекшісі Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Алматыда әлеуметтік, инженерлік, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша көптеген жобалар іске асырылуда. Олардың орындалуы депутаттардың, Бюро мүшелерінің және партия филиалы Саяси кеңесінің бақылауында. Былтыр партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында 79 балабақша ашылды. Алатау және Наурызбай аудандарында 5,1 мың орындық 3 мектептің құрылысы аяқталды. Мектептерге 8 мың орындық 16 қосымша құрылыс салынды. «Шетсіз қала» бағыты бойынша да жұмыстар жалғасуда. Осылайша, халықтың сумен жабдықтау жұмысы 98,5%-ға дейін істелінді. Ал газбен жабдықтау жұмыстары 99,2%-ға атқарылды. Бұдан бөлек, жеке сектордағы 2 мыңнан астам үй табиғи газға көшірілді. Жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жобаларды іске асыру барысы қаралды. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесіндегі жолайрығы аяқталып, Абай даңғылы бойынша  жол ашылды. Өткен жылы Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарының 8 шағынауданында 65 км жаңа жол салынды. Ұзындығы 201 км 206 көше орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Сонымен қатар, отырыста қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев өңірлік қоғамдық кеңестердің санын 11-ден 8-ге дейін оңтайландыру туралы хабарлап, жаңа төрағаларды таныстырды. Сонымен, экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесті депутат Қайрат Құдайберген, отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесті – Рахат Шимашева, Өңірлік даму және экология мәселелері жөніндегі кеңесті – Шухрад Шардинов, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесті - Болат Садықов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесін – Ерболат Қасымов басқаратын болды. Ал қалған үш кеңестің басшылары өз жұмыстарын жаңа құраммен және бекітілген жылдық жұмыс жоспарының жобасымен жалғастырады. Отырыста проблемалық мәселелер қаралып, оларды шешу үшін әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне бірқатар тапсырмалар берілді. Өз кезегінде, партияның қалалық филиалы барлық сайлауалды уәделерінің уақтылы орындалуын бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.  width=  width= Тағы оқи отырыңыз: AMANAT партиясының Саяси тұғырнамасын жаңғырту жөнінде отырыс өтті