БҚО-да тұрғындар түнде қауіпсіз аумаққа көшірілді

БҚО-да тұрғындар түнде қауіпсіз аумаққа көшірілді

БҚО-да тұрғындар түнде қауіпсіз аумаққа көшірілді
ашық дереккөзі
Құтқарушылар Чинарево ауылының барлық тұрғындарын шұғыл эвакуациялау туралы шешім қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. Ресейде бөгеттің жарылуы салдарынан Батыс Қазақстан облысындағы Чинарево ауылын су басу қаупі төніп тұр. Су қоймасы Орынбор облысындағы ауылдан небәрі 14 шақырым жерде орналасқан. Құтқарушылар ауылдың барлық тұрғындарын шұғыл эвакуациялауды ұйғарды. Қарттар мен балалы әйелдерді автобуспен алып шықты. Олар түні бойы Январцево ауылындағы мектепте болды. Айта кетерлігі, су үйлерге кірмеді. Үй-жайлардың айналасына құм салынған мыңдаған қап қойылды.
«Ауылға су жан-жақтан: солтүстік жақтан да, шығыс жақтан да, батыс жақтан да келді. Шығыс жақтан су ауылды айналып өтіп, оңтүстік жақпен кері кетті. Ауыл толығымен су құрсауында қалды», - деді БҚО ТЖД басшысы Ернұр Өтегенов.
Пустобаев су қоймасының көлемі - 8 миллион текше метр, бөгеттің саңылауының ені - 7-8 метр. Оны тез арада жасау мүмкін емес екен. Қазір су деңгейі төмендей бастаған. Тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат етілді. Құтқарушылар ауыл тұрғындарына қауіп төнген жағдайда сақтанып, қайта эвакуациялануға кеңес берді.