Арыққа батып кеткен балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Арыққа батып кеткен балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Арыққа батып кеткен балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
Қарағандыда су жиналатын арыққа батып кеткен 9 жасар баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қарағандыда қар, жауын суы жиналатын арыққа батып кеткен 9 жасар баланың қаза табу дерегі бойынша тергеу органдары Қылмыстық кодекстің 3-бөлігінің 306-бабы («Қызмет көрсетуді талап етпейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр» деп жазылған аймақтық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы Серов көшесіндегі үйлердің маңында болған еді.