Алматы тауларында жоғалған адамның денесі табылды

Алматы тауларында жоғалған адамның денесі табылды

Алматы тауларында жоғалған адамның денесі табылды
ашық дереккөзі
Алматы тауларында болған қар көшкіні кезінде хабар-ошарсыз кеткен екінші адамның денесі табылды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады деп жазды turkystan.kz.
«Құтқарушылар тобы көшкін кезінде жоғалған екінші адамның денесін тапты. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ. Оқиға орнына тергеу тобы жөнелтілді» деп жазылған Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салсақ, 13 сәуірде «Молодежный» шыңында қар көшкіні болып, оның астында екі адам қалып қойған.