Елордада әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы өтті деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz порталына сілтеме жасап. Қазақстан құрамасы Уэльс құрамасымен ойнады. Бұрымды футболшыларымыз 0:3 есебімен есе жіберді. Уэльс құрамасында голдарды Кейли Грин, Наташа Хардинг пен Джессика Фишлок соқты. Бұл - Қазақстан құрамасының ресми кездесулердегі қатарынан 17-жеңілісі. Қазақстандық футболшылар 2018 жылдың 12 маусымында Босния және Герцеговина құрамасын (2:0) жеңгеннен бері жеңіске жете алмай келеді. Еліміздің бас командасының қазіргі іріктеу кезеңіндегі көрсеткішіне келетін болсақ, құрама жеті кездесу өткізіп, жетеуінде де жеңілді.
Жүктелуде...