Петропавлда оңалту орталығы 17 млн теңгеге макарон сатып алмақ болған

Петропавлда оңалту орталығы 17 млн теңгеге макарон сатып алмақ болған

Петропавлда оңалту орталығы 17 млн теңгеге макарон сатып алмақ болған
ашық дереккөзі
50281
Петропавлда әлеуметтік оңалту орталығы келісі 17 млн теңге тұратын макарон алуды жоспарлаған деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы күмәнді лот Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің назарын аударды. Олардың араласуынан кейін орталық "тәбетін" басып, келісі 250 теңге тұратын макаронға тоқтаған. Ал Ақжар ауданында ауыл әкімдігі 933 мың теңгеге көмір сатып алмақ болған. Енді олар шығындарды қайта қарастыруға мәжбүр. Жыл басынан бері аймақта бағаны көтермелеудің 32 фактісі тіркелді. Заңсыз баға көтеруге тосқауыл қоюдың арқасында бюджет қаржысының 600 млн теңгесі үнемделді.

Серіктес жаңалықтары