Игорь Дужнов полициядан қорлық көргенін мәлімдеді (ВИДЕО)

Игорь Дужнов полициядан қорлық көргенін мәлімдеді (ВИДЕО)

Игорь Дужнов полициядан қорлық көргенін мәлімдеді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыда бес адамды атып өлтіргені үшін істі болған Игорь Дужнов өзі полицейлердің соққыға жыққанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Дужновтың сөзінше, полицейлер оны тұтқынға түсе салған уақыттан бастап ұра бастаған.
«Алып кеткеннен кейін бірден ұра бастады. ІІД-не жеткенге дейін соққы алмаған бірде-бір секундым болмады. Бөлімге алып келген соң да ұра берді. Осы іске қатысты ақпарат алу үшін, мені әдейі Әсет есімді азаматпен бір камераға орналастырды. Сондай-ақ мені суицидке итермелемек болды. Мүмкін түнде өлтіріп кетпек болған шығар, мұны білмеймін. Куәгерлер бар», - деді Игорь Дужнов.
Сот тыңдалымы кезінде іске қатысты жаңа деректер белгілі болды. Мемлекеттік айыптаушы Дужновтың қаруды сақтау және алып жүруге берілген рұқсатының мерзімі өтіп кеткенін мәлімдеді. Ал қаза тапқан азаматтардың туыстары айыпталушыдан материалдық өтемақы талап етті. Айта кетсек, бұған дейін Игорь Дужнов өзінің Донбасстағы соғысқа қатысқанын растаған еді. Ол Украинада «фашизммен күрескенін» айтқан.