Әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов дүниеден озды

Әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов дүниеден озды

Әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов дүниеден озды
ашық дереккөзі
Әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов өмірден өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Филология ғылымының докторы, профессор Тебегенов Темірхан Сақаұлы 18.11.1949 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған.

Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген.

1972-1974 жылдары Қармақшы ауданы Қуаңдария кеңшарында 186 орта мектептің, 1974-1981 жылдары Қызылорда қаласының №10 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі, тәрбие жұмыстары жөніндегі меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1981-1991 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы.

1991-2005 жылдары - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры.

Ғалымның өлеңдері, мақалалары республикалық газет-журналдарда, ғылыми жинақтарда жарияланған.

Көптеген еңбектері Қытай, Ресей, Татарстан, Түркия, Қарақалпақстан елдерінде жарияланған. 300-ге жуық мақала және 9 кітаптың авторы.