50191
Қостанайлық полицейлер 200 келіден аса есірткіні өртеп жіберді
Қостанайлық полицейлер 200 келіден аса есірткіні өртеп жіберді
Қостанай облысында полицейлер тәркіленген 200 келіден аса есірткіні өртеп жіберді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанай облысы Полиция департаментінің аумағында есірткіні жою бойынша акция өтті. Комиссияның қатысуымен 200 келіден аса есірткі өртенді.
Полицейлердің айтуынша, бұл есірткі қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелер болған. Акция, біріншіден, олардың қайталама айналымына жол бермеу үшін, екіншіден, есірткіге қарсы іс-әрекет ретінде өткізілген.
Шараға Қостанай жоғары политехникалық колледжінің 40-тан аса студенті қатысты.
«Бұл біздің бірінші қатысып отырған бірлескен акциямыз емес. Біз нашақорлық мәселесіне бейжай қарамаймыз, зұлымдықпен бірге күресуіміз керек», - деді волонтер Артур Шихшабеков.