Шанхай халқы оқшаулауға қарсы шықты

Шанхай халқы оқшаулауға қарсы шықты

Шанхай халқы оқшаулауға қарсы шықты
ашық дереккөзі
Қытайдың Шанхай қаласының тұрғындары коронавирусқа байланысты локдаунға наразылық білдіріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы мәліметті russian.rt.com порталы таратты.
«ҚХР Денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, Қытай әлі коронавирус инфекциясын ауыздықтай алмай жатыр. Шанхай қаласының тұрғындары эпидемияға қарсы шараларға қарсылықтарын білдіруде. Осыған байланысты супермаркеттер тоналып, көшелерде көптен шығарылмаған қоқыс үйіліп қалған», - делінген порталда.
Шанхайда қатаң оқшаулау режимі 28 наурызда жарияланған. 4 сәуірде Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында омикрон штамының жаңа нұсқасы анықталғаны белгілі болды. Тағы оқи отырыңыз: БАҚ: Қытайда омикронның жаңа түрі шықты