Досаевтың өзі сенбілікке шығып, қаланы қоқыстан тазартып жүр

Досаевтың өзі сенбілікке шығып, қаланы қоқыстан тазартып жүр

Досаевтың өзі сенбілікке шығып, қаланы қоқыстан тазартып жүр
ашық дереккөзі
Жақында ғана Алматы қаласының әкімі болған Ерболат Досаевтың қала бойынша өткізіліп жатқан сенбілік кезінде қоқыс жинап, қала тазалығына атсалысып жатқан сәтінен сурет жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Суретті Kozachkov offside Telegram-арнасы жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары жазбаны талқылап, әртүрлі пікір қалдырып жатыр.
«Дұрыс, сенбілікке барлығы бірдей шығу керек», «Оның бұл әрекеті көпшілік үшін болсын, болмасын, жастарға үлгі», «Басқа әкімдерге де шығу керек. Онда тұрған не бар?!» - десті олар.
Айта кетсек, 9 сәуір күні Алматыда жалпыхалықтық сенбілік өтті. Сенбілік кезінде қаланың эстетикалық түрін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп, қала тұрғындары барлығы 10 910 текше метр қоқыс жинаған.