Енесін алдаған келіннің үстінен іс қозғалды

Енесін алдаған келіннің үстінен іс қозғалды

Енесін алдаған келіннің үстінен іс қозғалды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының тұрғыны енесінің атына жасырын түрде несие рәсімдеген деп жазды turkystan.kz. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тұрғыны полиция бөлімшесіне хабарласып, алаяқтықтың құрбаны болғанын айтқан. Әйел белгісіз біреулер оның атына 250 мың теңге несие рәсімдегенін жеткізген. Ауыл тұрғыны несие алғанын банктен қарызы туралы хабарлама келгенде ғана білген. Ол дереу полицияға арыз жазып, көмек сұраған. Тәртіп сақшылары аталған фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тұрғылықты жері бойынша жас келіншек ұсталды. Ол арызданушының келіні болып шықты. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келіншек енесінің атынан жасырын түрде несие алып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.