«Үмітті ақтаймын»: Головкин кезекті жекпе-жекке жақсы дайындалғанын айтты

«Үмітті ақтаймын»: Головкин кезекті жекпе-жекке жақсы дайындалғанын айтты

«Үмітті ақтаймын»: Головкин кезекті жекпе-жекке жақсы дайындалғанын айтты
ашық дереккөзі
Токио қаласында әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Риота Мурата алғаш рет бетпе-бет кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Бірінші болып Мурата сөйледі. Ол Жапонияда жекпе-жек өткізуге қолда бар жағдайдың бәрін жасаған промоутерлерге алғысын айтты.
 «Головкинмен керемет айқас болады. Кездесуге келіңіздер. Осыны ұйымдастырған және маған тамаша жекпе-жекті сыйлағандарға тағы да алғыс айтамын», - деп сөзін қысқа қайырды ол.
Сөз кезегі Головкинге келгенде, ол:
«Осы жерді дайындағандарға рахмет! Жапонияға келгеніме ризамын. Муратамен кездескеніме және титулдық жекпе-жек өткізетінімізге қуаныштымын. Муратаны құрметтеймін. Менің ойымша, екеуміз де жақсы дайындалдық. Өйткені, екеумізде де көп уақыт болды. Бұл жақсы жекпе-жек болады. Мен әлемдегі қиын жағдайға қарамастан, осы кездесуді ұйымдастырған промоутерлер мен өкіметке алғыс айтамын. Бұл үшін аянбай еңбек еткендердің үмітін ақтағым келеді», - деді.
Жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада өтеді. Шаршы алаңда Головкин өзіне тиесілі IBF және IBO әлем чемпионы титулдарын сақтау, ал Мурата WBA Super белбеуі үшін қолғап түйістіреді.