Алматы метросы 5 жылда 40 млн жолаушыға қызмет көрсетті

Алматы метросы 5 жылда 40 млн жолаушыға қызмет көрсетті

Алматы метросы 5 жылда 40 млн жолаушыға қызмет көрсетті
ашық дереккөзі
Биыл Алматы метрополитенінің ашылғанына – 5 жыл. Мерейлі күнге орай оңтүстік астанамызда шаһар басшысы Бауыржан Байбектің қатысуымен мерекелік шара өтті, деп хабарлайды BNews.kz. Алматы әкімі құттықтау сөзінде заманауи мегаполисті метросыз елестету мүмкін еместігін, әрі қала қуатының артуына орай іске қосылғандығын, оның озық технологиясы мен өміршеңдігін айтты.       «Алматы метросының өзіндік тарихы бар. Оның құрылысы сонау 80-жылдары басталып, Мемлекет басшысының жеке қолдауы арқасында тәуелсіз Қазақстанда пайдалануға берілді. Тіпті, дағдарыс кезінде де жобаны қаржыландыру жалғасып жатты», – деді Бауыржан Байбек. Іске қосылғалы бері метроның қызметін 40 миллионға жуық тұрғындар мен қала қонақтары пайдаланған. Жыл сайын жолаушылар легі 20% -ға артуда. Метроны Абай даңғылының астынан Яссауи көшесіне дейін одан әрі дамыту жоспарда бар. 2020 жылға дейін «Сарыарқа» , «Достық» бекеттері іске қосылады. Алдын ала болжам бойынша күн сайынғы жолаушы легі – 85 мың адам. «Қалқаман» және автовокзал «Западный» бекеттерін салу қарастырылған, сол кезде жолаушылардың күн сайынғы легі 120 мың адамнан асады.