Денис Теннің өліміне қатысы бар Толыбаева бостандыққа шықты

Денис Теннің өліміне қатысы бар Толыбаева бостандыққа шықты

Денис Теннің өліміне қатысы бар Толыбаева бостандыққа шықты
ашық дереккөзі
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты деп сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты деп хабарлады turkystan.kz. Толыбаева 2021 жылдың желтоқсанында ҚАЖ мекемесінен шығарылған. Ол 2019 жылы қылмыс туралы хабарламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Колонияда жүріп, баласын дүниеге әкелді. Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда болған. Денис кафеден шыққанда көлігінің айнасын ұрлап жатқан ұры оның жамбасына пышақ салған еді. Соның салдарынан артерия зақымдалып, қан қөп кетеді. Кейін ауруханада көз жұмды. Сот 2019 жылдың басында спортшының өліміне қатысты сотталғандарға үкім шығарды. Арман Құдайбергенов «Ұрлық», «Қарақшылық» және «Адам өлтіру» бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталды. Нұралы Қиясовқа «Адам өлтіру» және «Қарақшылық» баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ал Жанар Толыбаева «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болды. Сөйтіп, екінші баласын түрмеде босанды. Ол жазасын баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде өтеді.

Толыбаева баласын босанғаннан кейін бір жылдан астам уақыт бостандықта болған. Алайда уақытында марқұмның туыстарына сотталушының сотқа өтініш түсіргені туралы ешқандай ескерту жібермегендіктен, темір тордың арғы жағына қайта тоғытылған.

«Заң бойынша ауыр қылмыс кезінде жазаның үштен бір бөлігін өтеп шығуға болады. Егер ешқандай заңбұзушылық болмаса, түрме ішіндегі тәртіп жақсы болса, жазаны жеңілдетеді. Осы мерзімді өтегеннен кейін сотқа арыз жаздым. Баламен бұл жерде отырған маған да оңай емес. Сот шешімімен менің жазам 73-бап бойынша бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бірақ 1 жыл 3 айдан кейін қайтадан осы жерге, жалпы колонияға оралып отырмын», - деген еді Толыбаева Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.