Қазақстандағы орыстар ұлтын өзгерткісі келеді

Қазақстандағы орыстар ұлтын өзгерткісі келеді

Қазақстандағы орыстар ұлтын өзгерткісі келеді
ашық дереккөзі
Виктор Калгин есімді азамат Әділет министрі Қанат Мусинге ресми блогы арқылы елді елең еткізген сауалмен жүгінді деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Ол өтінішінде министрге мынадай хат жолдаған.
«Ресей армиясы Украинаға басып кіргенін елдің бәрі біліп, көріп отыр. Осының кесірінен дүниежүзінде орыстарға деген теріс көзқарас қалыптасып жатыр. Қазір бүкіл әлем қай елде тұрып жатқанымызға, Ресейдің әскери операциясына көзқарасымызға қарамастан, орыс екеніңді білсе теріс айналады. Көп адам орыс болғаны үшін ұялатын жағдайға жетті. Кейбіріміз өміріміз мен денсаулығымыз үшін қорқа бастадық. Егер орыс адамды түріне қарап, еуропалық нәсілдің басқа өкілдерінен айыру қиын болса, онда оның фамилиясына қарап, тез айыруға болады. Себебі орыстардың көбісінің ата-тегі -ев, -ов, -ин жалғауларымен аяқталады. Болашақта мен Еуропаға туристік сапар жасауды жоспарлағанмын. Енді мені орыс болғаным үшін қонақүй, дәмхана, дүкен мен басқа да орындарда жеккөре ме деп қорқамын. Қазір Еуропада тұратын орыстарда сондай жағдай болып жатыр екен» деп жазған Виктор Калгин.
Осыған байланысты ол паспортта көрсетілген «ұлт» деген жазуды және ата-тегіндегі орысша жалғауды алып тастағысы келетінін айтқан.
«Мен фамилиям мен ұлтымды ауыстырғым келіп отыр. Бірақ қалай ауыстыруды білмей отырмын. Фамилиямен мен ұлтымды ауыстыруға мүмкіндік бар ма?» – деп сұрады өтініш иесі.
Бұл сауалға Әділет министрі Қанат Мусин жауап берді. Ол мұндай мәселені жергілікті әкімдік шеше алатынын айтты.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңының «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің құзыреті» аталатын 31-бабының 1-бөлімінің 2-2 тармақшасына сәйкес, жергілікті аудандық немесе қалалық әкімдік Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді. Осыған байланысты мәселеңізді шешу үшін өз өңіріңіздің әкімдігіне жүгінуге кеңес береміз», – деді ол.
Тағы оқи отырыңыз: «Біз бәріміз қазақпыз!» – қазақстандық орыстар (ВИДЕО)