Алдағы күндері Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағы жөнінде келіссөздер өткізеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Оның айтуынша, 15-20 сәуір күндері ғарыш айлағының болашағы талқыланады.
«Уақыт бір орнында тұрмайды. Біз орманда тұрып жатқан жоқпыз. Сондықтан «Байқоңырдың» жағдайын талқылаймыз», - деді ол.Келісімшарт бойынша Ресей Қазақстанға «Байқоңыр» айлағын жалға алғаны үшін жыл сайын 100 млн доллар төлейді деген дерек бар.