Шымкентте жарапазан айтқан балаларға полицейлер ескерту жасады

Шымкентте жарапазан айтқан балаларға полицейлер ескерту жасады

Шымкентте жарапазан айтқан балаларға полицейлер ескерту жасады
ашық дереккөзі
Шымкентте жарапазан айтып жүрген 14 жасөспірім анықталды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.  Шымкент қалалық ПД ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде 44 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Атап айтқанда, жарапазан айтып жүрген 14 жасөспірім, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 2 жасөспірім, заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 27 бала анықталды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол берген бір мекемеге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Аталған жайт бойынша түнгі уақытта мектеп оқушыларының қадағалаусыз жүруінің алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Білім басқармасына ұсыныс жолданып, балалар мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Біз мұндай профилактикалық іс-шараларды үнемі жүргізіп отырамыз. Ондағы мақсат – қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп, қылмыстық жайттарды болдырмау және оның алдын алу. Осы тұста, құрметті азаматтар, заң бәрімізге ортақ екенін ескертемін. Өз балаларыңыздың тәртібі мен қауіпсіздігі үшін жауапты екендеріңізді назарда ұстаңыздар», – деді Шымкент қалалық ПД бастығы Қайрат Дәлбеков.