«Памперсін ауыстырсаңдаршы...»: 70 жастағы қарияның тұсауы кесілді (ВИДЕО)

«Памперсін ауыстырсаңдаршы...»: 70 жастағы қарияның тұсауы кесілді (ВИДЕО)

«Памперсін ауыстырсаңдаршы...»: 70 жастағы қарияның тұсауы кесілді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Instagram-дағы aktobe_tut парақшасына 70 жастағы қарияның тұсауын кесіп жатқан видео жарияланды деп жазды turkystan.kz. Алайда, әзірге видеоның қай жерде түсірілгені, оның «Тәй-тәй» деген жазуы бар ақ жайманың үстімен жүргізілген кейіпкері кім екені туралы ақпарат жоқ. Ал оны көрген желі қолданушылардың пікірлеріне қарасақ, ешқайсысы бұл «салтты» жақсы қабылдамаған.
«Ай, қазағым-ай! Сонша байығанда ақшасын не істерін білмей жатыр ғой», «Памперсін ауыстырсаңдаршы, т...п қойған шығар», «Аузына соска жетпей тұр», «Құдай-ай, не болып барамыз, құрысын? Ақыр заман жақындап қалды ма? Кәрі түйе ойнақтаса, жұт болады деуші еді. Мынадан кейін не дейміз?» сарынындағы жазбалардан көз сүрінеді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АКТОБЕ ТУТ - OFFICIAL PAGE (@aktobe_tut)