50585
ШҚО-да 18 вагон рельстен шығып кетті (ВИДЕО)
ШҚО-да 18 вагон рельстен шығып кетті (ВИДЕО)
Шығыс Қазақстан облысында руда тиелген 18 вагон рельстен шығып кетті деп хабарлады turkystan.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«3 сәуір күні 12 сағат 04 минутта Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Күмістау темір жол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 шақырым жылдамдықпен жүрген. Руда тиелген екі вагон - Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон «КазцинкТемірТранс» ЖШС-не тиесілі» деп жазылған хабарламада.Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп, анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларынан комиссия құрылды», - деді компанияның баспасөз қызметіндегілер.Тағы оқи отырыңыз: «Үкіметтен қайыр жоқ»: Мұнайлы тұрғындары жолдарын өздері жөндеп алды (ВИДЕО)