Қазақстан әскерлерінің киім формасы өзгереді

Қазақстан әскерлерінің киім формасы өзгереді

Қазақстан әскерлерінің киім формасы өзгереді
ашық дереккөзі
Қорғаныс министрлігі әскери киім кию ережесіне өзгертулер әзірледі. Ведомство басшысының бұйрық жобасы талқылауға шығарылған деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұйрық жобасын қабылдау құқықтық нормаларға сәйкес келтіруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысаны мен айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерін кию ережелерінің кейбір қағидаларын нақтылауға мүмкіндік береді», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Ведомствоның атап өтуінше, жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды, қосымша қаржы қаражатты талап етпейді. Бұйрықтың толық мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады. Құжат 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін жария талқылауға шығарылған.