Мен көргім келетін «Жаңа Қазақстан»

Мен көргім келетін «Жаңа Қазақстан»

Мен көргім келетін «Жаңа Қазақстан»
ашық дереккөзі
Мен оқушы кезімде «бізде білім жоқ», «қазақ мәдениеті дұрыс дәріп­тел­мейді», «қазақтар өз болмыстарын өздері дұрыс танымайды» деген ма­ғынадағы түрлі пікірталастарды естіп өстім. Сол кезде «Неге біздің білім тө­мен?», «ұлттық мәдениетті толық дәріптеуге кім кедергі?» деген сияқты сұрақ­тардың төңірегінде ойланып қалатынмын.

Мен кішкентай ғана аудан­ның жалпы орта білім беретін мек­тебінде 9-сыныпты бітіріп, ал жо­ғарғы 10,11-сыныптарды елор­­­­дамыздағы ең жақсы деген ли­цейлердің бірінде аяқтадым. Қаншалықты мойындауға қиын болса да, өсе келе түсінгенім, біз­дің қоғам білімділердің интел­лек­туалдық деңгейін игілікке ай­нал­дыруға аса басымдық бер­ме­г­ен екен. Өзіме таныс мысалдарға тоқ­талайын. – Менің ауылдағы құр­дас­тарым­ның арасында «Болашағы бар» деп сенген ең жақын дос­та­рымның өсе келе қылмыскерлер мен бұзақылардың қатарынан та­былғанын көрдім; – Қазақты «өнерлі халық» деп ба­ғалайтын болсақ, соңғы жыл­дар­дағы өнер жұлдыздарына қа­тыс­ты жаңалықтарды ақтарып қараған кезде «анархиялық» кө­рі­ністердің куәгері боламыз; – 2022 жылдың қаңтар оқи­ғасы бізді «диктатуралық билік» пен «экстремизмдік қозғалыс­тар­дың» куәгеріне айналдырды. Осыдан кейін жоғарыдағы кү­мәнді сұрақтарға қарсы қандай пі­кір айта аламыз? Ешқандай. Қа­зақ қоғамындағы қанағатшыл, шы­ғармашыл, бақытын еркін­дік­тен тапқан, әділдікті ту етіп ал­ған, «тура жолға» ұмтылып жүр­ген білімді адамдардың болмысы өз қадірін, өз бағасын таба алмай келе жатыр. Бұл үшін біз кімдерді кінәлай аламыз? Тарихты ма? Әл­де осындай «білімсіз» кейіптегі «қоғам қайраткерлері» атанған по­пулистер мен жалған ұлт­шыл­дар немесе әсіре діншілдерді ме? Ме­нің­ше, біз бұл жағдайда еш­кім­ді де кінәлай алмаймыз. Жет­ке­німізден жетпегеніміз көп, жас мем­лекетпіз. Сонымен қатар дәл қазір бі­лім саласына да ерекше көңіл бө­лі­ніп отырғанын атамай өтуге қа­қымыз жоқ. Бұған қарапайым мы­сал ретінде Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұс­таздар мен білім саласындағы қыз­меткерлердің еңбекақысын кө­теру туралы тапсырма бергенін жә­не бұл тапсырмасы өз дең­гейін­­де жүзеге асырылып келе жат­қанын айтуға болады. Педагог мамандары­мыз­дың әлеуметтік мәрте­бе­сін көтеріп, экономикалық жағ­дайы­ның жақсаруына Үкімет тара­пынан қолдау көрсетіліп отыр­ғаны қуантады. Дәл осы ке­зеңде мәдениет саласының да­муы­на да қолдау көрсетілсе деген ұсы­нысымды айтқым келеді. Се­бебі біздің Үкімет мәдениет са­­­ласының дамуына салғырт қа­райтындай көрінеді. Өнер адам­дары табиғат сыйлаған өнерімен өз күндерін өздері көре алады дейді ма екен, әлде? Жаңа Қазақстан құрғысы келсе біздің қазіргі би­лік «қазақта білім жоқ», «қазақта мә­дениет жоқ» деген көзқарасты түп-тамырымен өзгертуге жұмыс істеуі қажет. Ол үшін, ең алдымен, осы салада қызмет етуді таңдаған ма­мандарымыздың «кәсіби ма­ман» ретінде қалыптасып, өсуі мен дамуына қажетті бар жағ­дай­ды жасаған дұрыс. Мәдениет дегеніміз не? Мә­дениет дегеніміз, ең ал­дымен, ол – ұлттың әдебі, та­ным-түсінігі, тәрбиесі, адамгер­ші­лігі. Мәдениет дегеніміз – ұлт­тың болмысы, өзге ұлттармен бай­ланыс орнататын тілі. Ал біз­дің қоғам қазір «қазақта мә­де­ниет жоқ» деген көзқарастан өзін-өзі ақтап ала алмайды. Мы­сал ретінде деректер келтіріп кө­рейін: – Менің астанада бірге оқы­ған көп сыныптастарымның «та­ғы бір жыл жұмыс істеп, ақша жи­нағаннан кейін Кореяға кө­ше­мін», «Польшада оқуымды бітір­ген­нен кейін сол елде қаламын, ең бастысы, мешіті бар мемлекет қой» деген сөздерін естідім. Қан­шалықты ауыр естілсе де, мәдени тұр­мыспен тіршілік етуді таң­да­ған саналы қазақтардың көп­шіл­гі елде қалмағанына куә болдым. Өз елінен көшіп кетіп жатқан за­мандастарымыз қазіргі күнге дейін азайған жоқ. – Біз жастардың «білімді тұл­ға» ретінде қалыптасуына керекті бар жағдайды жасағымыз келеді. Бірақ шынайы білімді тұлғалар­дың ортасына түскен қазақтар­дың «орыс тілі» мен «ағылшын ті­лі­нің» мәдениетіне бейімделген, өз тілінде сөйлеуге арланатынын күн­делікті өмірде көріп жүрміз. – Мәдениет саласының не­гіз­гі шаңырағын «театр» деп атай­тын болсақ, еліміздегі театрлар­дың даму жағдайы туралы айту тіп­ті ұят. Қазіргі педагогика са­ла­сын­­дағы РІSA зерт­теу­ле­рін­­де «академиялық тұрақ­ты­лық», «академиялық адалдық» де­ген терминдер бар. Мектеп пен уни­верситет қабырғасындағы әр­бір білім алушының «акаде­мия­лық адалдығының» жоғал­мауы, «академиялық тұрақты­лы­ғының» бұзылмауы – педагог ма­­мандардың жіті қадағалауын­да­ғы құбылыс. Ал өмір бойы «оқу­шы» позициясында өмір сүру­ді таңдаған адамның осы құн­дылықтарын сақтап қалуына кө­мектесетін шаңырағы, ол – театр. Театр өнері пайда болған ке­зеңнен бастап әрбір адамның бойын­да болуы тиіс дәл осы «ака­де­миялық адалдық» пен «ака­де­миялық тұрақтылықтың» негізгі дәнін себуді, сол дәннің өмір бой­ғы тіршілігін қадағалауды өз жауап­кершілігіне алған сала. Мұны дамыған мемлекеттердегі дамыған театрлардың тұрақты кө­рермендері өте жақсы түсінеді. Ал біздің мемлекетіміздегі театр­лар­дың қазіргі жағдайы қандай? Теориялық тұрғыда театры жоқ орталық «қала» деп атал­май­ды, ол орталықты тек «ау­дан» немесе «ауыл» деп қана атай­ды. Дамыған мемлекеттердегі қа­лалардың театрын алып қа­рай­тын болсақ, олардың театры «кө­рермені жоқ бос қабырға» ре­­тінде тұрмайды, сахналық қойы­­лымдарын он шақты көрер­менмен өткізбейді. Сондай-ақ біз­дің елдегі театрлар сияқты шара­сыздықтан оқушылар мен сту­денттерді жинап әкеліп, тегін қойылымды бір рет қана көр­се­тіп кете салмайды. Себебі өзге да­мыған мемлекеттердің театрға келетін көрермендері бұл өмірді «Жаратушының өнері» ретінде бағалауға, сол өнердің өзімен ты­ныстауға үйренген жандар. Ал біз­дің қазақ қоғамы дәл осы шы­найы таза өнердің бағасын біле ме? Меніңше, біздің қоғамның адам­дары тарихи қиын­дық­тар­дың себебінен өздерін осы өмірге жай ғана келіп-кететін зат сияқ­ты сезінуге үйреніп қалғанға ұқ­­­­сайды. Олар өнермен тыныс­тау­дың не екенін білмейді, театр­дың тынысын мүлдем танымай­ды. Театрдың тұрақты көрер­мен­дерінің қатарына қосылғаныма бір жылдан астам уақыт болды. Мен бұл ордадан өзім көргім ке­ле­­тін «таза қазақ тілінде сөй­ле­се­тін», «ұлттық әдеп-тәрбиеден ат­та­майтын», «шынайы өнердің ба­ғасын білетін» ортаны таптым. Осы саладағы нағыз кәсіби ма­ман­дардың «қайтарымы жоқ» ең­бекпен қызмет етіп жүргенін тү­сінген кезімде қатты күйіндім. Олар мен сияқты «мәдениет» де­ген ұғымнан ешқандай хабары жоқ, ол туралы түсінігі қалып­тас­па­ған қарапайым көрермендерді дәл осы «таза өнермен тыныс­тай­тын» деңгейге жеткізу үшін жа­нын салып еңбек етеді. Көңілімді қуан­татыны қазақта «мәдениет» са­ласына адал қызмет етіп жүр­ген шынайы өнерпаздар бар. Театр өнерпаздары қоғамды мә­дениеттіліктің биік деңгейіне кө­теруге қаншалықты тырыс­қа­ны­мен, атқарушы билік тара­пы­нан толыққанды жүйелі қолдау жет­кілікті болмаған соң бүкіл қо­­­ғамның мәдениетін қалып­тас­тыру­ға бірді-екілі театрдың күші қалай жетсін? Осы орайда қоғамдық пі­кір­ді қалыптастырушы ақ­парат саласы жөнінде де ойым­ды қоса кеткім келеді. Көптеген қа­зақ журналистерінің жан-жақ­ты, терең ізденіс жасамайтыны өкі­нішті. Көбісінің табиғатына «жа­лаң сөз» бен «жалтақ пікір» ға­на тән. Көптеген телеарналар ұлт пен мемлекет болашағы үшін емес, рейтинг үшін ғана жұмыс іс­теуді әдетке айналдырды. Кә­сі­би журналистер «әйтеуір таныл­ған» әлеуметтік желінің уақытша жұл­дызының артынан «қуалап» жүр. Қазақ журналистикасының дең­гейі театр таланттарының «та­за өнерінің» танылуына қыз­мет етуге қашан қол жеткізетіні белгісіз. «Мәдениет» деген ұғымды, ең ал­дымен, «ұлттың тәрбиесі» ре­тін­де қарастырайық. Бауыржан Мо­мышұлының «Тәрбиесіз беріл­ген білім - адамзаттың қас жауы» де­ген сөзі бар. Сондықтан Жаңа Қа­зақ­станда «білім» және «мә­ден­иет» са­лаларының етене тығыз бай­ланыста дамуына керекті бар жағдайды жасалса екен деймін. Себебі «Гамлет», «Ревизор», «Дон­Кихот» сынды әлемге әйгілі шы­ғар­малардың негізгі мән-маз­мұнынан хабары жоқ педагог әлемдік бәсекеге қабілетті шә­кірт­терді қалыптастыра алады де­генге мен сенбеймін... Яғни, театр көрермендерінің қатарына, ең бірінші, педагог маман­дары­мызды тартуымыз қажет. Ал БАҚ өкілдері осы екі сала­да қызмет етіп жүрген кәсіби ма­­­­мандардың еңбегін зерттеп, қо­ғамға кеңінен танылуына ық­пал ете білсе екен. Себебі бұл екі сала­ның мамандары – қазақ қо­ға­мы­ның негізгі айнасы. Өзге мем­­лекеттер біздің ұлттық бол­мы­сымызды, ең алдымен, осы екі саланың жағдайына қарап та­ни­ды.

Жұлдыз ҚАДІРОВА, Нұр-Сұлтан қаласы