«Сонымен қатар, осы жылдың ақпан айында күнбағыс майының бағасы Қазақстан бойынша орташа есеппен бір жылда 23%-ға өсіп, литріне 771 теңгені құрады» деп нақтылады сарапшылар.Күнбағыс майы Батыс Қазақстан (жылына 35,6%-ға), Жамбыл (28,9%-ға) және Ақмола (27,5%-ға) облыстарында қымбаттады. Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері арасында күнбағыс майының ең жоғары бағасы Атырауда (литріне 844 тг), елордада (литріне 818 тг) және Ақтауда (литріне 815 тг) байқалады.
Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттаған

Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттаған
Қазақстанда тазартылған май өндірісі қысқарып, бағалар бір жылда 23%-ға көтерілген деп хабарлады turkystan.kz
Energyprom сарапшылары жүргізген зерттеуге сәйкес, елімізде күнбағыс майын өндіру бір жыл ішінде 3,1%-ға өсіп, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында 67,5 мың тоннаға дейін жеткен.
Тазартылмаған күнбағыс майы өндірісінің 80%-дан астамы Шығыс Қазақстан облысына (35,8 мың тонна) келді.
Тазартылған күнбағыс майын өндірудің 92,1%-ы үш негізгі өңірде шоғырланған: Шымкент (9,6 мың тонна), ШҚО (8,7 мың тонна) және Алматы (2,9 мың тонна).
2022 жылғы қаңтарда отандық өндірушілер күнбағыс майына сұранысты 90,1%-ға қамтамасыз етті.
Сектордағы импорт үлесіне ресурстардың тек 9,9%-ы ғана келді, бұл 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда айтарлықтай аз (19,3% болды).
Алайда сектордағы экспорт та 39,3%-ға, 6 мың тоннаға дейін қысқарды. Осы жылдың бірінші айында ішкі нарықта 33,3 мың тонна сатылды.