Қазақстанда 157 елді мекенді су басу қаупі бар

Қазақстанда 157 елді мекенді су басу қаупі бар

Қазақстанда 157 елді мекенді су басу қаупі бар
ашық дереккөзі

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Министрдің айтуынша, қазгидрометтің наурыздың үшінші онкүндігіне арналған болжамына сәйкес, республика аумағында ауа райы тұрақсыз, қатты жауын-шашын, 23-28 м/с дейінгі екпінді жел күтіледі.
«Қарағанды облысындағы Шерубайнұра, Кеңгір, Ақмола облысындағы Есіл, Ақмола облысындағы Қалқұтан, Сілеті, Ақтөбе облысындағы Қарғалы өзендерінің бассейндерінде жинақталған ылғал қорының көлемі азайып, орташа көп жылдық өлшемнен төмен болды. Ақмола облысындағы Жабай, Шағалалы, Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау өзендерінің бассейндерінде жинақталған ылғал қорының көлемі қалыпты деңгейде», - деді министр.
Сонымен қатар, ылғал қоры көлемінің артуы орташа көпжылдық өлшеммен салыстырғанда, Ақмола облысындағы Есіл өзенінің бассейндерінде, Ақтөбе облысындағы Ілек, Қарағанды облысындағы Нұра, Батыс Қазақстан облысындағы Чижа-2, Деркөл, Шаған, Қостанай облысындағы Тобыл және Аят өзендерінің бассейндерінде тіркелген.
«Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында жылы температураға көшу таяудағы апта ішінде күтіледі. Ол қарқынды түрде қар еруі мен сең жүруінің басталуына ықпал ететін болады. Бұл осы өңірлердегі 157 елді мекенде су басу қаупін тудыруы мүмкін», - деді Юрий Ильин.