Головкин жапонды жеңемін деп жолға шықты

Головкин жапонды жеңемін деп жолға шықты

Головкин жапонды жеңемін деп жолға шықты
ашық дереккөзі
Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Риота Муратамен жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға аттанды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жолға шыққанын айтып, фотосын жариялады. Суреттің астына «Жақында кездескенше, Жапония!» деген жазба қалдырды. Айта кетсек, Головкин мен Муратаның жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) болады. Екі боксшы орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдар үшін қолғап түйістіреді.